Президент қырғызстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент қырғызстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ, көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек