Жамбыл облысында ауыл тұрғынының үйінен 30 келі есірткі табылды

Жамбыл облысында ауыл тұрғынының үйінен 30 келі есірткі табылды
Фото: pixabay.com

Жамбылда ауыл тұрғынынан 30 келіге жуық есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел ақпараттарды жүзеге асыруда 53 жастағы Шу ауданы тұрғынының бақшасынан өсірілген есірткі бұталары мен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты табылған. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 31 келі "каннабис", сондай-ақ жалпы салмағы 9,22 гр "кептірілген марихуана" және жалпы салмағы 3,15 гр "гашиш" есірткі құралы екендігі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ҚР ҰҰ "Бүркіт" АМБ қызметкерлерімен, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппаратын және "Теа" атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

"Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина