Ақтауда жеңіл көлік пен жедел жәрдем жол апатына ұшырады

Ақтауда жеңіл көлік пен жедел жәрдем соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, "ВАЗ-21006" автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде негізгі жолмен жүріп келе жатқан "Hyundai H350" көлігіне, яғни жедел жәрдем көлігіне жол бермеген.

"АЗ-21006" көлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен сол көліктің 22 жастағы жолаушысы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, қазір дәрігерлердің бақылауында. ВАЗ-21006 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!