Күн сайын магний ішсеңіз, не болады? Дәрігер жауабы

Күн сайын магний ішсеңіз, не болады? Дәрігер жауабы
Фото: pixabay.com

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында күнделікті магний ішудің пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, күн сайын магний ішудің мынадай пайдасы бар:

  • Ұйқыңыз дұрысталады. Ұйқыңыз қанық, бойыңыз сергек жүреді;
  • Көзіңіздің тартуы тоқтайды;
  • Аяқтың, сіңірдің құрысуы тоқтайды;
  • Іш қату болмайды;
  • Иммундық жүйе қатаяды;
  • Сүйектің беріктігі артады;
  • Бастың ауыруы азаяды;
  • Бауыр магнийдің арқасында ағзаңыз үшін күніне 300-ден аса түрлі фермент бөледі;
  • Уайымнан, қорқыныштан арыласыз.

"Таң атпастан асқазанға ауыр асты тастап жібермей, жылы су ішіңіз, жаттығу жасап, бойға қан жүгіртіңіз. Пайдалы мәзірмен тамақтаныңыз. Жиі анализ тапсырып, жағдайыңызды біліңіз", - деп кеңес берді Ұлжалғас Сманова.

Ескерту: Магний ішпестен бұрын міндетті түрде дәрігерге қаралып, анализ тапсырыңыз. Өздігінен емделу қауіпті.

Магний қандай өнімдерде бар? Мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова