Ресейде жерасты экскурсиясы кезінде туристер қаза тапты: Қазақстан азаматы қамауға алынды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жерасты экскурсиясында туристердің қаза табуына байланысты Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 23 тамызда сот отырысы өтіп, онда қазақстандық азаматқа қатысты 2023 жылғы 21 қазанға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

"Қазақстан Республикасының азаматы тергеліп жатыр, ол айыпталушы болып есептеледі", - деп хабарлады СІМ.

Александр Ким - экскурсияларды онлайн брондаумен айналысатын Sputnik негізін қалаушы және бас директоры. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық Мәскеудегі жер астындағы экскурсия ісі бойынша күдікті. Ол турды ұйымдастырушы Никита Дубаспен бірге ұсталды.

20 тамызда күндіз Мәскеуде нөсер жаңбыр жауған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жеті адамнан тұратын топ Мәскеудегі коллекторлар арқылы Неглинка жерасты өзеніне экскурсия жасаған. Бұл топта кәмелетке толмаған үш бала болған, кейінірек олармен байланыс үзіліп, көп ұзамай іздеу басталды. Мәскеу өзенінде Зарядье саябағы маңында жаңбыр кезінде кәріз суына батып кеткен 15 жастағы қыз бен 17 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Көп ұзамай экскурсияға барған адамның бәрі өлі табылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!