Шымкентте жолдың қақ ортасында жеңіл көлік өртеніп кетті

Шымкентте жолдың қақ ортасында жеңіл көлік өртеніп кетті

Шымкентте жолдың қақ ортасында жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте жол бойында кетіп бара жатқан жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті. Оқиға 28 тамызда кешкі сағат 19:00-ден өте болған.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Арғынбеков көшесі бойында Mersecedes-Benz маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанған.

Өрт сағат 19:36-да ауыздықталып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілген. Оқиға орнына департаменттің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан