Алматының Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйден тағы өрт шықты

Алматының Ақкент шағын ауданындағы тұрғын үйден тағы өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін сағат 19:29-да 101 пультіне Алматының Алатау ауданы Ақкент шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабатта өрт шыққаны турал хабар түскен.

Пәтердің асүйінде ауа сорғыш жанғаны белгілі болды.

Өрт сағат 19:49-да сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, 2023 жылғы 1 тамызда Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды

Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.

Сондай-ақ, өрт шыққан үйдің ішкі көрінісі жарияланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!