Шымкентте қоймада шыққан өрт сөндірілді

Шымкентте қоймада шыққан өрт сөндірілді
Фото: Шымкенттің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Шымкентте қоймада шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкенттің төтенше жағдайлар департаментінің "101" диспетчерлік қызметіне 29 тамызда сағат 15:14-те әл-Фараби ауданындағы Әйтеке би көшесіндегі бір қабатты қойманың жанғаны туралы хабар түскен.

Өрттің ауданы 150 шаршы метр болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 16:11-де ауыздықталып, сағат 16:28-де сөндірілді.

Өртті сөндіруге 64 қызметкер мен 16 бірлік техника тартылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан