Нұрлан имам "Өскеменнің құрметті азаматы" атанды

Нұрлан имам "Өскеменнің құрметті азаматы" атанды
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Имам Нұрлан Байжігітұлы "Өскеменнің құрметті азаматы" атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл жаңалықты Instagram-дағы сторисінде бөлісті.

Имам Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың салтанатты жиында кеудесіне құрметті белгіні тағып, оның куәлігін беріп тұрған видеосын жариялады.

Нұрлан имам бұл видеосын Өскемен әкімдігінің парақшасын белгілеп салған.

Еске салайық, бұған дейін имам Нұрлан Байжігітұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қолымен жазған хатын бөліскен еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан