18 жастағы қазақстандық теннисші WTA рейтингінде тағы да 36 орынға көтерілді

18 жастағы қазақстандық теннисші WTA рейтингінде тағы да 36 орынға көтерілді
Фото: Қазақстан теннис федерацясының баспасөз қызметі

ATP және WTA жеке және жұптық сындағы теннисшілердің жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина төртінші орында қалды. Юлия Путинцева 78-орында тұр. Ал 18 жастағы Аружан Сағандықова рейтингіде көтеріліп жатыр. Ол алдыңғы аптада ткен аптада 871-орында болса, қазір 835-орынға (+36) тұрақтады.

Жұптық сында Анна Данилина бір саты түсіп, 29-орында, ал Жібек Құламбаева 176-орында тұр.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингіде бір саты төмендеп, қазір 27-орында, Тимофей Скатов 129-орында, Михаил Кукушкин 242-орында, Бейбіт Жұқаев 263-орында, Денис Евсеев 271-орында, ал Дмитрий Попко 381-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 45-орында, ал Андрей Голубев 73-орында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан