Алматының бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында балаларды оңалтудың қалалық орталығы ашылды

Алматының бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында балаларды оңалтудың қалалық орталығы ашылды
Фото: қалалық әкімдіктен

Алматының бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында балаларды оңалтудың қалалық орталығы ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған қатысты Алмалы ауданы тұрғыны әкіммен кездесуде сұрақ қойған болатын. 

"Менде теміржол ауруханасы туралы сұрақ бар. Аурухана қаланың меншігіне өткен сәттен бастап, ол қаңырап бос қалды, терезелері мен есіктері сынған. Алмалы әкімдігі өз ауданының жиналысы аясында оңалту орталығы болатынын айтқан еді. Бірақ әзірге жұмыстар қолға алынған жоқ, ғимарат қаңырап бос қалады. Ал бұл алматылықтар үшін өте маңызды ғимарат екенін ескерсек, оны ретке келтіру маңызды ғой", - дейді тұрғын. 

Алматы әкімі Ерболат Досаев тарихи ғимаратқа ерекше назар аударылатынын атап өтті.

"Бізге жобаны келісу, оны "Қазреставрациямен" қалпына келтіру белгілі бір уақытты алды, ол біздің жобамызды мақұлдады және бүгінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Келесі жылы біз жұмыс істей бастаймыз. Ақша жобаға бөлінген.

Онда балаларды оңалтудың қалалық орталығы ашылады. Бұл тек қалалық аурухананың аурасын сақтау үшін ғана емес, ең алдымен, бізде қала орталығында балаларға арналған осындай орын пайда болады. Барлық жұмыстар Алматы қаласының даму жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мен ғимараттың тарихи келбетін қалпына келтіруді қадағалаймын, ал орталықтың ішін біз қажетті заманауи жабдықтармен жабдықтап, балаларға қолайлы жағдай жасаймыз", - деп түсіндірді қала басшысы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина