"Түні бойы билеп, ән айтады": Тұрғындар Досаевқа шағымын айтты

"Түні бойы билеп, ән айтады": Тұрғындар Досаевқа шағымын айтты
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғыны Арбаттағы түнгі шуға шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкім Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде Арбат ауданында тұратын әйел қала басшысына көшеде скутерлер мен мопедтерге тыйым салатын белгілер орнатқаны үшін алғысын білдірді.

"Арбатымыздың қаланың өте әдемі бөлігіне айналғанын қалаймыз, Панфилов көшесінен музыканттар сол жерде ойнай алатындай етіп орын бөлуді сұраймыз, өйткені олар түні бойы біздің терезелеріміздің астында билеп, ән айтады", - деді Алматы тұрғыны.

"Менің ойымша, бұл көбіне мәдениеттен. Кешкі 11-ге дейін ән айтып, билеуге рұқсат, содан кейінгі шағымдар заңмен шешіледі. Егер Панфилов көшесінен орын бөлетін болсақ, онда да басқа адамдар бар, айналаның барлығы пәтерлер. Бір жерді босатсақ, басқа жерде жаңа мәселе туындайтыны түсінікті. Сондықтан, керісінше, жағдайды реттеуге тырысамыз, музыканттарымыз бен бишілерімізді заң аясында міндетті түрде қолдаймыз", - деп жауап берді Досаев.

Әкімнің айтуынша, жастар өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа креативті орталықтар құрылып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!