"Инфляция - бес пайызға дейін". Үкіметте үш жылдық бюджет жобасы қабылданды

"Инфляция - бес пайызға дейін". Үкіметте үш жылдық бюджет жобасы қабылданды
Фото: Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бүгін Үкімет отырысында 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы қаралып, қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсуі 5,3-6 пайыз деңгейде болжанып отыр. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2024 жылы 6-8 пайыз деңгейінде, ал 2026 жылы бес пайызға дейін төмендейді деп жоспарланған.

"Үш жылдық кезеңге ұсынылған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақытылы орындауға, сондай-ақ экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Смайылов.

Тиісті заң жобалары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы енді Парламент депутаттарының қарауына енгізіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!