Астана тұрғыны адам өлтіріп, кейін автобусқа отырып, кетіп қалған

Астана тұрғыны адам өлтіріп, кейін автобусқа отырып, кетіп қалған
Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

26 тамызда түстен кейін Уәлиханов көшесінде "Артем" сауда үйі маңынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елордалық полицияның жеке құрамы дереу осы іске қатысы бар қылмыскерді іздеген. Кейін екі адамның арасында арты төбелеске айналған дау шыққаны анықталған. Төбелеске қатысушылардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кеткен. Ал жәбірленуші сол жерде қаза тапты.

"Куәгер полицейлерге күдікті қай бағытта қашып кеткенін көрсетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа отырғанын анықтады", - делінген елордалық Полиция департаментінің Tengrinews.kz-ке жауабында.

Нәтижесінде күдікті ағаш зауыты маңында ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды, қажет сараптамалар тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова