Думан Таев Шымкент Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Думан Таев Шымкент Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды
Фото: Думан Таев. Фото:gov.kz

Думан Таев Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкент қалалық ПД-ның жаңа басшысын таныстырды.

Бұған дейін бұл қызметті Қайрат Далбеков атқарған. Басылым мәліметінше, бір апта бұрын адвокат Талғат Есімов Қайрат Далбековтің Шымкент қалалық ІІД басшысы қызметінен кеткенін айтқан. Бірақ ол ресми расталмады. Оның Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде жұмыс істейтіні хабарланды.

Думан Таев 2019-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы ПД басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2020-2022 жылдары - Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы. Сол жылы Ақмола облысының ішкі істер басқармасын басқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек