"Жануар сияқты ұлыған". Павлодарда жалаңаш қыз 6 жасар балаға шабуыл жасаған

"Жануар сияқты ұлыған". Павлодарда жалаңаш қыз 6 жасар балаға шабуыл жасаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Павлодарда 6 жасар балаға шабуыл жасаған 19 жастағы жалаңаш қыз ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Баланың анасы оқиға 27 тамызда Затон шағынауданында болғанын айтты. Оның айтуынша, есірткіге масайған жалаңаш қыз 6 жасар баласының артынан жүгіріп, шабуылдаған. Қыз тоқтамастан жануар сияқты ұлыған. 

Бұл жағдайға қатысты облыстық Полиция департаменті өкілдері мәлімдеме жасады.

"Қыздың жеке басы анықталды. Бұл дерекке қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек