Өскеменде мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды

Өскеменде мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды
Фото: Көрнекі сурет pixabay

Өскеменде мас күйде мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Есенберлин даңғылындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары 28 тамызда кешке ауладан атыс дыбысын естіген.

"28 тамызда сағат 21:00 шамасында 47 жастағы ер адам мас күйде аңшылыққа арналған қаруынан бірнеше рет оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ШҚО ІІД өкілдері. 

Ер адам қамауға алынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек