Ақтөбеде той кортежі жол ережесін өрескел бұзған

Фото: видео кадры

Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ-нің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ЖБО камералары кортеж құрамында Lexus 570, Toyota Prado, Lada Priora және Hyundai автомобильдерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін тіркеген. Видео кадрларынан көліктердің бірі жолдың ортасында артпен жүріп бара жатқаны көрінеді.

Авто жүргізушілер ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі, ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі, 230-бабы, 590-бабы 2-бөлігі, 590-бабы 7-бөлігі, ӘҚБтК-нің 612, 602,614 және 606-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көліктер айыппұл тұрағына қамалып, құқықбұзушыларға шамамен 500 мың теңге айыппұл салынды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан