Алматыда көлік жүргізушісі адамдар тұрған аялдамаға соғылды: зардап шеккендер бар

Алматыда көлік жүргізушісі адамдар тұрған аялдамаға соғылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Желіде тарады. 

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Оқиға бүгін 12.20-да болған. 

"1987 жылы туған жүргізуші Абылай хан көшесінде оңтүстік бағытта "Мерседес" маркалы көлігін айдап келе жатып, Райымбек даңғылына солға қарай бұрылған кезде рөлді басқара алмай, аялдамаға соғылған. Салдарынан аялдамада тұрған 7 адам зардап шекті. Олар медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді ПД өкілі Салтанат Әзірбек. 

Жол-көлік оқиғасы дерегі Алмалы ауданының ПІБ қызметкерлерімен тіркеліп, өндіріске қабылданды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз