Наталья Годунова Президентке жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы есеп берді

Наталья Годунова Президентке жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы есеп берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наталья Годунова жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есеп берді. Есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сондай-ақ "Қазсушар" РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы туралы мәлімет берді.

Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина