"КешYOU"-дің экс-солисі күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты

"КешYOU"-дің экс-солисі күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты
Фото: instagram.com/elizaberikova007

Қазақстандық әнші, актриса, көпшілікке "Лашын" және "КешYOU" топтары арқылы танымал Элизат Берікова "Мамский әңгіме" подкастында жеке өмірі және күйеуімен не үшін ажырасқаны жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші және актриса Элизат Берікова күйеуінің опасыздық жасағанын айтты.

"Менің ажырасқанымды бәрі біледі. Бұл нәрсе балам бір жасқа келген кезде, мен ешқайда шыға алмай, үйде отырған және депрессияда жүрген кезімде болды. Мен негізі бұл жайлы айтқым келмейді. Бірақ бәрі біледі. Көзіме шөп салды.  Ашып айтпай-ақ қояйық. Мен бұл жайлы айтқым да, есіме түсіргім де келмейді", - деді ол.

Әнші мұндай жағдайлардан соң өз-өзін қолға алып, жұмыс жасауға кіріскенін айтты.

"Мен оны кешіре алмадым. Сол сәтте мен салон аша бастадым. Депрессия былай тұрсын, "Эля, өз-өзіңе кел" дедім. Ешкім көмектескен жоқ, өз-өзімді қолға алдым. Макияжды оқыдым. Содан кейін құрбымның салонында жұмыс істей бастадым. Бұл кезде әлі ресми түрде ажырасқан жоқпыз. Бірақ сондай күйде жүрдік. Өмір сүруге тырысып көрдік. Мен "мүмкін, кешіремін, бәрі ұмытылатын шығар" деп ойлап жүрдім. Бірақ ұмыта алмадым. Сонымен жұмыс істей бастадым, содан кейін салон аштым. Салонды ашқан кезде мен ресми түрде ажырасып кеттім. Балаларды алып, өз ата-анамның үйіне көштім", - деді "КешYOU"-дің экс-солисті.

Әнші бұрынғы күйеуі оның шығармашылыққа оралуына қарсы болғанын айтты.

"Күшті жоба болған болатын. Ол кезде мен жұмыссыз отырдым. Сондай күшті жоба беріп тұр, жалақысы жақсы, жақсы жарнама. Сол кезде маған айтпай, менің телефонымды алып, телефон соғып, алмаңдар деп айтқан. Міне, екі аптадан кейін келісімге отырайын деп тұрған кез. Содан бәрі аяқталды. Мені қандай саладан алғанын біледі, баланы туып бердім, маған да түсіністікпен қарауға болатын еді. Шығармашыл адам бәрібір бір орында отыра алмайды. Мен оған қиналып жүргенімді, киноға түскім келетінін қанша рет айттым. "Иә" деп жауап берсе де, осылай телефон соғып, бәрін құртып тастап жүрді", - деді Элизат Берікова.

Еске салайық, Баян Мақсатқызы "КешYОU" тобы арқылы бір жылда қанша табыс тапқанын айтқан болатын.

А. Жапатова