Қостанай облысында орманда қыз баланың денесі табылды

Қостанай облысында орманда қыз баланың денесі табылды
Фото: Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында орманда қыз баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты саңырауқұлақ теруге шыққан тұрғындар мессенджерлерде таратқан.

"Кездейсоқ көріп қалдық. Мынау оның көлігі. Алдыңғы орында балаларға арналған кресло тұр", - дейді видеодағы адам. 

Alau.kz сайтының мәліметінше, қыздың денесі 27 тамызда сағат 17.00 шамасында Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде табылған. Болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Бұл ақпаратты Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері растады. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша соталды тергеу амалдарын бастады.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина