"Асығып, қашамын деп киімін теріс киіп алған". Алматыда ер адамның біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды

"Асығып, қашамын деп киімін теріс киіп алған". Алматыда ер адамның біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды
Фото: видео кадры

Полиция Алматыдағы ер адамның біртүрлі әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Egovpress Telegram-арнасында ер адамның біртүрлі әрекетіне қатысты ақпарат тараған болатын. 

"Алматының Алмалы ауданында тұрғындар қыздың айғайлағанын естіген. Тұрғындар оқиға орнына келген кезде ер адам тез киініп, қашпақ болғанын көрген. Үстіндегі киімін де асығып қашамын деп теріс киіп алған екен", - делінген жазбада.

Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Алматы қалалық полиция Департаменті, бұл дерек Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімімен тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Айыпталушы жауапқа тартылды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - дейді ПД ресми өкілі. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина