Жүргізуші шаршап, қалғып кеткен: Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

"Алматы-Өскемен" тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты Көксу ауданында Volkswagen Passat автокөлігінің қатысуымен болды. 41 жастағы ер адам басқарған шетелдік көлік "Алматы-Өскемен" тас жолының 203 шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылды.

Оқиға орнында жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.

Жол-көлік оқиғасы, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік тізгінінде қалғып кетуіне байланысты болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!