Алматыда бір айға жуық уақыт іздеуде болған жігіт табылды

Алматыда бір айға жуық уақыт іздеуде болған жігіт табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, биыл 13 тамызда Бостандық ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағым түсірген. Ол 7 тамызда 2004 жылы туған Н. есімді ұлының үйінен шығып қайта оралмағанын айтқан.

Әйелдің сөзінше, ұлының денсаулығымен байланысты мәселелер болған. Жыл басынан бері ұлы үйінен үш рет, өткен жылы үйден төрт рет кетіп қалған.

"Н. есімді азаматтың хабарсыз жоғалу дерегі бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасында іздеу ісі тіркелді. Арнайы іздеу тобы құрылды. Жас жігіт табылды. Қазір ол туған-туыстарымен бірге", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!