28 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

28 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz

28 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 тамызда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, таулы аудандарында бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метр. Шымкент қаласында 28 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан қаласында 28 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр.

28 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстік жартысында, күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында секундына 15-20 метр. Павлодар қаласында 28 тамызда түнде найзағай күтіледі.

28 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 28 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында 28 тамызда найзағай күтіледі.

28 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр күтіледі. 28 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 28 тамызда күннің аяғында найзағай күтіледі.

28 тамызда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 28 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында 28 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

28 тамызда түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 28 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 28 тамызда найзағай күтіледі.

28 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Петропавл қаласында 28 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

28 тамызда түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі. 28 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 28 тамызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

28 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі. 28 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 28 тамызда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

28 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 28 тамызда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 28 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. 28 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында 28 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

28 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 28 тамызда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

28 тамызда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі. 28 тамызда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 28 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

28 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Алматы қаласында 28 тамызда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Қонаев қаласында 28 тамызда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.

28 тамызда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 28 тамызда Жетісу облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 28 тамызда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 28 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

28 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан, жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. 28 тамызда облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 28 тамызда күндіз қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина