Алматыда қымбат мопедтерді кім ұрлап жүргені белгілі болды

Алматыда қымбат мопедтерді кім ұрлап жүргені белгілі болды
Фото: instagram.com/almaty_police_department

Алматыда қымбат мопедтерді кім ұрлап жүргені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қымбат мопедтерді ұрлаумен Өзбекстан азаматы айналысқан. Қаскөйді Әуезов ауданының полиция қызметкерлері анықтады.

Жедел уәкілдердің мәліметінше, 24 жастағы жігіттің бөтеннің мүлкін ұрлаудың кем дегенде төрт дерегіне қатысы бар.

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, бір эпизод бойынша Өзбекстан азаматы - 1999 жылы туған Н. есімді ер адам "Ақсай-1" ықшамауданындағы үйдің ауласынан "Бумер" маркалы мопедті ұрлап кеткен. Жәбірленуші материалдық шығынды 520 мың теңгеге бағалаған. Күдікті ұсталды. Оның осыған ұқсас тағы үш қылмыс жасағаны анықталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, тергеліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина