"Керемет, жылап алдым". Әкесіне күтпеген тосынсый жасағандар Желіні сүйсінтті

"Керемет, жылап алдым". Әкесіне күтпеген тосынсый жасағандар Желіні сүйсінтті
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде 60 жылдық мерейтойдың ерекше видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан балалары әкесінің 60 жасын дүркіретіп өткізгені көрінеді.

"Әкемізге "құдағидың 40 жас тойы" деп алдап шақырып, тосынсый той жасадық. Жан-жағына қарап түсінбей қалды", - дейді видеоны жариялаған Желі қолданушысы.

@doc_anara Сюрприз удался? до последнего білген жоқ? #fypシ #рек #сюрпризтой ♬ оригинальный звук - Anara

Желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.

"Қандай керемет", "Әкеңізге барлық жақсылықты тілеймін", "Керемет жылап алдым", "Таңғалып қалды", "Бақытты болсын", - деп жазды олар.

Кейінірек бақытты әкеге балалары Түркия еліне жолдама сыйлаған.

@doc_anara #fypシ #рек #путевка ♬ original sound - #91FOREVER [бұл мен]

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова