"Адамнан артық". Желіде арбада отырған иесіне ешкімді жолатпайтын иттің видеосы тарады

"Адамнан артық". Желіде арбада отырған иесіне ешкімді жолатпайтын иттің видеосы тарады
Фото: видеодан алынған кадр

Желіде арбада отырған иесіне көмектесіп жүрген иттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан базардың ортасымен арбада отыған ер адамды ит итеріп жүргені көрінеді.

"Егесіне ешкімді жолатпайды, осылай итеріп жүрді", - делінген видеода.

@j.seisebaev

♬ оригинальный звук - Jaras Seisebaev

Әлеуметтік желідегілер иттің ақылына сүйсінген. Сондай-ақ, олар бұл жағдай Таразда болғанын жазған.

"Не деген ақылды, ол түгілі адамдар әке-шешесіне қарауға қолдары тимейді", "Күшті, қандай ақылды", "Кейде адамнан ит артық", "Тамаша, ит адамның досы деген осы болар", - дейді олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова