Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астанадағы бас мешітке барды

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астанадағы бас мешітке барды
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының бас мешітіне барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова