Жол сөмкесіне марихуана салып жүрген есірткі тасымалдаушы ұсталды

Жол сөмкесіне марихуана салып жүрген есірткі тасымалдаушы ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтөбе полицейлері есірткі тасушыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Ол Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұсталған адам өз еркімен жол сөмкесінен салмағы 3 келіден асатын үлкен пакетті шығарған. Оның ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болған.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова