Алматыда базардан тағы да өрт шықты

Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда базардан тағы да өрт шықты. Қаланың осы аумағында түтін байқалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық ТЖ департаменті өкілдері өрт сөндірілгенін айтты.

"Нақтыланған ауданы - 80 шаршы метр. Өрт сағат 08:37-де ауыздықталды", - деді өртсөндірушілер.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы "Барлық" базарында өрт шыққаны хабарланған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова