Алматы облысында екі турист жоғалып кеткен

Алматы облысында екі турист жоғалып кеткен
Фото: ТЖМ

Алматы облысы Талғар ауданы, Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, 24 тамыз күні кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы, Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды өздері шақырған. 

Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кетті. 

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын, бір күнге шықсаңыз да бағытты  мұқият зерттеңіз, мүмкіндік болса офлайн режимінде пайдалануға ыңғайлы етіп, бағыт картасын жүктеп алыңыз. Күтпеген оқыс оқиға  орын алса көмекке жүгіну үшін 112 немесе 8 (727) 3721560 (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина