Атырауда директор мектепті 24 жыл бойы басқарған

Атырауда директор мектепті 24 жыл бойы басқарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

Заңмен білім беру ұйымдарында әр 7 жыл сайын ротациялау тәртібі белгіленсе де бұл заң нормасы сақталмай жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов мәлім етті. Мәселен, Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының басшысы бұл лауазымға 1999 жылы тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы лауазымда қызмет етіп келеді (24 жыл).

Сыртқы талдау нәтижесінде бұл жемқорлық тәуекелдері бойынша бюджетке шығын келтіру дерегі құзырлы органдармен тексеріліп, нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Талдау мерзімі шектеулі болғандықтан, Департаментпен балабақша мен колледждерді қоспағанда облыстағы 200-ден аса орта білім беру ұйымдарының тек 27-сіне ғана талдау жүргізілгенін ескерсек, жоғарыдағы жемқорлық тәуекелі барлық мектепте де бар деп есептеуге болады.

Бұған дейін Департамент өкілдері облыстағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жалған дипломдарды пайдалануына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!