Тоқаев Эмомали Рахмонды өзі күтіп алды

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Фото: Ақорда

Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!