Қазақ немесе орыс мектебі. Қай жерде білім сапасы жоғары?

Қазақ немесе орыс мектебі. Қай жерде білім сапасы жоғары?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қай мектептерде білім сапасы жоғары екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасымхан Сенғазыев елордадағы қазақ тілді мектептердегі білім сапасы орыс тілінде оқытатын мектептерге қарағанда 4 пайызға жоғары екенін айтты. Шенеунік мұның қазақ мектептеріндегі оқушылар санының басымдығынан емес, оқыту сапасы мен мұғалімдердің кәсібилігіне байланысты екенін алға тартты.

Сондай-ақ, Сенғазиевке "Орыс мектептері қазақ мектептеріне қарағанда жақсы оқытады" деген қоғамдық стереотиптің себебі неде деген сұрақ қойылды.

"Мен балаңызды белгілі бір мектепке беруге мәжбүрлей алмаймын, бұл - ата-ананың таңдауы, оқушының таңдауы", - деп жауап берді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек