Атырау облысында көлік сиырды қағып кетіп, жүргізуші қаза тапты

Атырау облысында көлік сиырға соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

24 тамызда сағат 22:10 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 430-шақырымы тұсында Toyota Camry автокөлігі жол бойын қиып өтіп бара жатқан сиырды қағып, соққы екпінімен Mercedes жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында алған дене жарақаты салдарынан қаза тауып, екі жолаушысы түрлі дене жарақатын алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!