Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жаңа асфальт опырылды

Фото: видео кадры

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жаңа асфальт бүлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Tengrinews.kz мәліметінше, бұл Заманауи музей құрылысына инженерлік желілердің заңсыз тартылуы кезінде болғаны анықталған.

"24 тамызда кешке Алматыда Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылына шығатын оң жақ жолақ, оңтүстік-батыс бұрышы) учаскесінде жол төсемі зақымданған. Асфальт инженерлік желілерді салумен айналысатын "Парсек ltd" ЖШС мердігерлік ұйымы Заманауи музей құрылысында кәріз жүйесін заңсыз кіргізуі салдарынан бүлінді", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Қала қызметкерлері зақымдалған учаскеге жедел жөндеу жүргізген. Жол қызметкерлері бос орынды толық ашып, толтырып, кейін асфальтбетон жабынын қалпына келтірген.

"Диаметрі 50 сантиметр құбырды төсеу үшін мұражай құдығынан жүріс бөліктегі құдыққа дейін жолды қазған. Қайта толтыру кезінде топырақ дұрыс тығыздалмай, жол төсемінің шеткі жолағының тұтастығына зақым келген. Тиісті әкімшілік шаралар қабылдап, мердігер жазаланады", - деп толықтырды әкімдік.

Жол төсемін қалпына келтіру мердігер есебінен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, 26 тамызда сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Сондықтан, даңғылдың оңтүстік-батыс бұрышы уақытша жабылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан