Алматыда дүкенде қыз баланың кеудесінен ұстап алған ер адам кім екені анықталды

Алматыда дүкенде қыздың төсін ұстап алған ер адам кім екені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодағы ер адам басқа қаланың тұрғыны болып шыққан. 

"Бостандық ауданы Полиция басқармасының мәліметінше, тәртіп бұзған ер адамның кім екені анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны", - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Ер адам сот алдында жауап беруі мүмкін. 

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы бойынша іс жүргізу оның тұрғылықты жері бойынша Атырау қаласына, соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдауға жіберілді", - деді қалалық ПД өкілі.

Жәбірленуші қыздың сөзінше, полициядағылар ер адам Алматыдан кетіп қалғанын айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші қыз супермаркетте болған оқиғаның видеосын көрсеткен болатын. Видеода ер адам кетіп бара жатқан қыздың кеудесінен ұстап алады. 

"18 тамызда мен досыммен үйге азық-түлік сатып алу үшін дүкенге бардым. Видеода оның не істегенін көресіз. Оның үстіне, егер сіз мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқап, ойын жүзеге асыру үшін күтіп тұрған. Ол қатты мас болды. Мен бұл адамның қандай да бір жазаға тартылғанын қалаймын", - деп жазды қыз әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялап. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!