"Шулы бағдарлама "Қослайктан" көрермендер бас тартып жатыр". Журналист Диана Скатова күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандағы танымал бағдарламалардың бірі "QosLike" жүргізушісі Диана Скатова жобамен қоштасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы тележүргізуші өзінің instagram парақшасында айтты.

"Дәл осы сәтте іштей жобамен қоштасқан шағым еді. Эфир бойы ішімдегі алай-дүлейді, қимастықты көрсетпеуге тырыстым, алайда ең соңында эмоциямды басқару қиынға соқты. Әрине, сонша жылдан соң қоштасу оңай болсын ба?! Арнамен, ұжыммен арадағы үлкен сыйластықты сақтай отырып осы шешім қабылданды. Жаңа маусым басталмайынша, бұл жайлы тіс жармадым. Енді міне, айтуға рұқсат. Жоба аясында танысқан қанша адам, дос, әріптес, жұптар, әрдайым тілекшілеріңіз боламын! Ал жаңа маусым құтты да берекелі болсын!" - деп жазды Диана Скатова. 

Желі қолданушылары Диана Скатова кетсе, бағдарламаны көрмейтіндерін айтқан..

"Енді қосылайық қармайтындар, біз біргеміз", "Енді қослайқтың қызығыда жоқ", "Біз сізге үйреніп қалдық, кетпеңіз", "Ары қарай бағдарламаны көрудің мәнісі жоқ", "Сұлтансыз, Дианасыз қызық емес", "Кеткенің мүлде дұрыс емес, Альмираны мүлдем көргім келмейді", - деп жазды олар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!