Алматылықтар түтін иісіне шағымданды

25 тамызда Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіліп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша ауа ластануы күтіледі. Ауа райы атмосферада лас заттардың жиналуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, тұрғындар қаладағы жағымсыз иіске шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, түтін иісі Төле би көшесі аумағында және одан төмен, Райымбек даңғылы аумағында байқалады.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (лас) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Бұл пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!