Шығыс Қазақстан облысында сотталған тұрғындар некелесті

Шығыс Қазақстан облысында сотталған азаматтар заңды некеге тұрды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі ТЖК №73 және №17 мекемелерінің қабырғасында ғашықтар отау құрды.

Сотталғандардың бірі некелескен жарымен 5 жылдан бері таныс. Жас жұбайлардың айтуынша, екеуінің де бірінші некеден жолы болмаған. Екі жыл азаматтық некеде тұрып, үйленейін деп жүргенде ер адам ұрлық жасап, 3 жылға сотталған.

"Отбасын құру - сотталғандарды түзеу үшін жақсы ынталандыру. Олардың бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын босатылуға ұмтылысын арттырады", - деді №73 мекеме басшысының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Саяхат Шәріпов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!