"Үй тауып, сонда түнеп шыққан". Алматы тауларында кореялық турист құтқарылды

"Үй тауып, сонда түнеп шыққан". Алматы тауларында кореялық турист құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы тауларында Кореядан келген туристі құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

23 тамызда таңғы сағат 09:00-де Кореядан келген 25 турист Комби-1 аспалы жолымен көтеріліп, Талғар асуына жаяу жеткен. Таудан түсіп жатқанда бір әйелдің жоғы анықталды.

24 тамызда құтқарушыларға консул өкілі жүгінді. Сағат 12:05-те әйелді іздеуге 7 адамнан, оның ішінде бір кинологиялық есептен тұратын ТЖМ РЖҚЖ (Республикалық жедел-құтқару жасағы) құтқарушылары шықты. Сағат 14:22-де құтқарушылар Сол жақ Талғардан туристті аман-есен тауып алды. Ол адасып, аспалы жолмен түсуге үлгермей қалған. Турист үй тауып, сонда түнеп шыққан. Шетелдік әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ құтқарушылары топтың таудағы қауіпсіз жүріс-тұрысын еске салады: туристік құрамның қатарында міндетті түрде басшы болуы керек, жүріп өтетін маршрутта топты таратып жіберуге болмайды, қозғалыс қарқынын топтағы ең әлсіз адамға қарай анықтау қажет, тек топ басшысының рұқсатымен ғана топтан ажырап кетуге немесе тұрақтауға болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек