Президент 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол 15-ші БРИКС саммиті аясында өтіп жатқан мемлекеттер басшыларының "БРИКС Плюс" диалогы отырысында айтты.

"Климаттың өзгеруі жаһандық ауқымдағы теріс салдарға әкеліп соғатыны баршамызға мәлім. Кейінгі бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаңшылық белең алып, басқа да табиғат апаттары жиілеп кетті.

Осыған байланысты Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынып, осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді.

ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары - уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!