Қостанайда үш жасар қыз терезеден құлап кетті

Қостанайда үш жасар қыз терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 22 тамызда сағат 13:30-да 9-ауданда бесқабатты үйде болған. 2019 жылы туған қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Бұл кезде бала жалғыз, ересектердің қарауынсыз болған. 

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккен қыз қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Оның бас миы шайқалған, сондай-ақ, қабағы жарақатталған. Қазір баланың жағдайы ойдағыдай. 

Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда мұндай оқиға жетінші рет қайталанып отыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!