Астанада қыз бұрынғы жігітін көлікпен сүйреп әкеткен: ер адам қаза тапты

Астанада қыз бұрынғы жігітін көлікпен сүйреп әкеткен: ер адам қаза тапты
Фото: elements.envato.com

Астана тұрғыны бұрынғы жігітімен жанжалдасып, көліктің әйнегінен қолын сұғып тұрған ер адамды сүйреп кеткен. Оқиға салдарынан жігіт оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға қыз бен жігіт арасындағы жанжалдан кейін болған.

Сотта жәбірленушінің сотталушыны сағат 23:00 шамасында үйінің жанында күткені анықталды. Кездесу барысында, көлікке отырғаннан кейін ер адам қарым-қатынасты одан әрі жалғастыра беруді ұсынған, алайда қыз бұл ұсыныстан бас тартқан. Кейін ер адам оның ұялы телефонын тартып алған.

Жанжалдан соң ер адам қыздың үйіне оралуын күтіп, сағат 05:23 шамасында көліктің алдынан жүгіріп шыққан. Ол қыздың үйге кеш оралғанын айтып, көліктің есігін ашуды талап еткен. Бұдан соң ол балағат сөз айтып, қызды мойнынан ұстап, тұншықтыра бастаған.

Осы уақытта қыз жігіттің көліктің алдында емес, сол жағында тұрғанын ұғынып, тік бағытта қозғала бастаған. 

Ал жігіт көліктің жүргізуші жағындағы төмен түсірілген терезеден қызды екі қолымен ұстап алып, тұншықтыруын тоқтатпаған.

Қыз көлігін тоқтатпай алға жүре бергенде ер адам көлікке ілініскен қалпында өзін-өзі ұстай алмай жолға құлаған. Ол асфальтқа соғылып, оқиға орнында көз жұмды. 

Бірінші сатыдағы сотта қыз абайсызда адам өліміне әкеп соққан (Қылмыстық кодекстіің 112-бабының 2-бөлігі) қорғаныс шегінен асқан кезде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 1 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Алқа сотталушы бұл жағдайда ер адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру ниетінде болмай, тек өзінің өмірі мен денсаулығына қол сұғуға жол бермеуге тырысты деген тұжырымға келді.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, істі қарау нәтижесінде ақтау үкімі шығарылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек