Зайсан жағасынан ер адам өлі табылды

Зайсан жағасынан ер адам өлі табылды
Фото: Polisia.kz

Зайсан жағасынан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 тамызда сағат 19:30 шамасында Тассай ауылдық округінің "Жағалау" учаскесінде белгісіз адамның мәйіті табылған.

Полицейлер бұл іске қатысы бар 30 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол мас күйде Subaru Legacy көлігін тізгіндеп келе жатып, 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға болған жерде қайтыс болды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова