Ләйлә Сұлтанқызының биыл мектепке баратын "ұлы" бар болып шықты

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына ерекше оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2015 жыл, сейсенбі, көзім ілініп бара жатып бір хатты аштым. Айнаш есімді оқырманымнан келіпті. Бірінші отбасының сәтсіз болғанын, бала сүйгісі келетінін жазғаны еміс-еміс есімде. Сол жылдары ұйықтар алдын жекеме келген хаттардың бәрін ашып, оқып, танысу әдет еді. Жылап тұрып тағдырымымен танысып, неге екенін білмеймін, эфирге шақырғым келді. Сәрсенбіде қыздар хабарласып, жұма күнгі эфирге шақырды. Келді. Амандастық. Таныстық. Сөйлестік. Кейін Салтанат Берденқызымен таныстырдым. Сол күні Салтанат ханым бірден ЭКОмед орталығына апарып, ем-дом шараларын жүргізіп, 1-2 ай ішінде эмбрион тасымалдады. Сол кездегі тегін ЭКО нәтижесі, міне, Нұрым есімді азамат. Соңғы рет кездескенімізде Нұрым 2 жаста еді. Бұйырса, биыл мектеп табалдырығын аттайды. Бүгін тарихи күн. Нұрыммен кездесіп, кішкентай ұл бата берді. Өзі сондай алғыр", - деп жазды ол. 

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, Айнаш ханым содан кейін тағы да ЭКО жасатқан. Қазір бір ұлы, бір қызы бар. Бірер күн бұрын үшінші рет эмбрион тасымалдауға барыпты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!