"Қазақтың Джеки Чаны болуды нәсіп етсін". Марат Омаров голливудтық фильмге түсіп жатыр

Әнші Марат Омаров голливудтық фильмге түсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы оның қызы Зарина Омарова сүйінші сұрады.

"Сүйінші Қазақ елі!!! Менің әкем АҚШ-тағы Голливуд киноиндустриясында шытырман оқиғаға толы "Малена" фильміне түсуде. Негізі әкемнің үнемі ізденімпаздығына таң қаламын. Бір орнында отырмай жаңа дүниелерді ашып жүреді. Әкем үшін қатты қуаныштымын. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Қазақ елін жағымды жаңалықтармен таң қалдырудан, қуантудан шаршамаңыз", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Зарина Омарова (@zarina_omarova_official)

Әншінің оқырмандары "Қазақтың Джеки Чаны болуды нәсіп етсін", "Әкеңіз қандай рольде ойнайды? Түрі келеді Япония актерлеріне ұқсайды ол кісі", "Марат ағаның өлең айтқаны өте керемет, даусы да өзгермеген баяғыша ән шырқаса екен", "Жігітке жеті өнер де аз" деген. Әлі талай биіктерден көріне берсін!", "Марат ағаның түрі Голливудтағы актерлардың түріне сай екен" деп пікір жазып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!