Желіде тыр жалаңаш жүгіріп жүрген ер адамның видеосы тарады

Әлеуметтік желіде ер адам көшеде жалаңаш жүгіріп жүрген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда тыр жалаңаш ер адамның артынан полицей қуып бара жатқаны көрінеді. Тіпті видеодан ер адам жалаңаш жүгіруге шыққандай көрінеді.

Желі қолданушылары арасында видео қызу талқыға түскен.

"Жарнамаға түскендей кетіп бара жатыр", "Полиция қызметкері қуып бара жатқан жоқ, бірге жүгіріп бара жатқан секілді", "Жазда соңғы рет күнге күйіп жатыр", "Бүгінгі лук: анадан туғандай кейіпте болу", "Ұйқыдан тұра сала жүгіруге шықтым", - деп жазған олар.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәліметінше, бұл екі ай бұрын болған оқиға.

"Ер адамға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!